Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2023 ж. 20 сәуірде 7-томдық академиялық басылымды даярлау шеңберінде «XVIII – ХХ ғғ. басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық көптомдық басылымды әзірлеудің өзектілігі ҚР Президенті Қ-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты мақаласында ел тарихшыларының алдына ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі қазақ халқының объективті көпғасырлық тарихын әлемге таныту мақсатында Отан тарихы туралы білімдерді жаңарту және өзектендіру жөнінде нақты міндеттер қоюымен негізделеді.

Конференция жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:

  • XVIII – XX ғғ. басындағы отандық тарихты зерттеудің концептуалдық негіздері
  • Кеңестік кезеңге дейінгі отандық тарих әлемдік тарих мамұнында
  • Қазақстанның XVIII – XX ғғ. басындағы саяси тарихы  
  • XVIII – XX ғғ. басындағы қазақ әлеуметі мен мәдениеті  

Конференцияға қатысуға ниет білдірушілер конференцияға қатысуға өтінімді 2023 ж. 5 сәуіріне дейін galia8.09@mail.ru электронды поштасына жіберуі қажет (өтініш нысаны қоса беріледі)

Конференцияға ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар шақырылады

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс.

Конференция жұмысының басталуы: 2023 ж. 20 сәуір, сағ. 11:00

Жұмыс форматы:Zoom: https://us02web.zoom.us/u/kcQSRdIY4U бағдарламасы негізіндегі онлайн-конференция

Конференция идентификаторы: 885 8119 2587; кіру коды: 366402

      Ұйымдастыру комитетінің байланыстары:050010 Алматы қ., Шевченко көш., 28,

ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

      Байланыстағы адам: Шотанова Галия Айтжановна, тел.: +7 (702) 407 6240, e-mail: galia8.09@mail.ru.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Аты-жөні 
Бірлескен авторлар (егер болса) 
Жұмыс орны 
Қызметі 
Ғылыми дәрежесі, атағы 
Байланыс телефоны 
E-mail 
Қатысу түрі (онлайн, оффлайн) 
Секция 
Баяндама тақырыбы (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)  

Құрметпен, ұйымдастырушы комитет